Русский Сайттың толық нұсқасы

Сардоба су қоймасындағы апат: 17 адам сотталды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2021
  • 1778

Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы апатқа  кінәлі деп танылған 17 адам сотталды. Бұл туралы Өзбекстан жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Айыпталушылар 3-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, оларға ірі көлемде айыппұл салынды.  

ӨЗБЕКСТАН ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Ең ұзақ мерзімге «Узтемирйулкурилишмонтаж» мекемесінің бас директорының бұрынғы орынбасары, гидротехикалық құрылғылар құрылысы дирекциясының бұрынғы басшысы М.Холматов сотталды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы   жауапты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

                           
Еске сала кетейік,  оқиға осыдан бір жыл бұрын, мамыр айында болған еді. Салдарынан Түркістан облысындағы бірнеше ауылды су басты, мыңдаған адам зардап шекті.  900-ге жуық үй бұзылып,  7 мың гектар егістікті су шайған болатын.

Б. Сатуов