"Жеңіс салтанаты". Осындай атаумен Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры көрермендерге мерекелік тарту жасады. Концерт-спектакль екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 76 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Іс-шарада майдан даласындағы жауынгерлерге рух берген әндер мен сағынышқа, сезімге, махаббатқа толы әуендер симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды.
Театрдың бас хормейстері мерекеге арнап ерекше номерлер ұсынды. Бірі - Аманжол Шамкеновтің сөзіне жазылған "Ана туралы баллада". Екіншісі - Мұқағали Мақатаевтың "Мен сендерді іздеймін" шығармасы. Амантай Жұмашев, бұл әнді Бауыржан Момышұлының рухына арнаған.
Амантай ЖҰМАШЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:
Өйткені майданнан аман-есен оралды Баукең ағамыз. Сол Баукең ағамыздың мәңгілік алаудың алдында тұрып бір минуттық үнсіздік кезінде майдандастарын еске алатын сәті. Осылай деп түсіндіріп, сол үшін қойдым.
А. Данияр