Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жүргенов ауылында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен тыл ардагері Қаршыбек Жұмановтың үйіне арнайы тақта қойылды. Жастайынан жер жыртып, егін еккен, күріш өсіріп, мол өнім алған қария әлі де еңбектен қол үзбеген. Бағбан. Есігінің алдындағы 50 сотық жерді үлкен баққа айналдырған. Онда жеміс ағаштары мен көкөністен басқа , талдың сан алуан түрі бар. Жасы 85-ке келсе де ақсақал-тың, қимылы ширақ, бау-бақшаны өзі күтіп-баптайды. Жинаған өнімді ауылдастарына тегін үлестіреді.
Қаршыбек ЖҰМАНОВ, ТЫЛ АРДАГЕРІ:
Уақытында бәрі төгіп салады. Соны туған-туыс, бала-шаға, көрші-көлемдері пайдаланады. Оны сатып бермеймін тегін беремін. Менің кәсібімді жалғастырыңдар қарағым деп, балаларыма, немелеріме бәріне үгіттеп айта беремін. Келешек те менің жұмысымды жалғастырады деп сенемін балаларыма.
Әліби БЕКЖАНОВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» атта жобасы соңғы уақытта қолға алынып жатыр. Бірінші рет біздің ауылда Қаршыбек ақсақалдың үйіне бағбан деген тақташа іліп жатырмыз. Мұндағы мақсатымыз – үлгі болсын деп, кейінгі жастарға, ұрапаққа. Еңбек етсе еңбек еленетінін көрсін деп, осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
М. Тоқтасынқызы