Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда әскери-патриоттық әндер байқауы өтті

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2021
  • 3952

Қарағандыда «Жауынгер» әскери- патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ең үздік өнерпаздарға құны 6 млн теңге болатын бағалы тұрмыстық техникалар табысталды.

«Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылған сайыс онлайн форматта өткен. Жүзден астам жас, еліміздің ең үздік патриоттық әндері мен соғыс жылдарындағы туындыларын шырқап, оны қазыларға жолдаған. 2004 жылдан бастау алатын байқау - әскери қызметтің мәртебесін көтеруді мен жастарды отансүйгіштікке баулуды көздейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы жылдары әскери- патриоттық әндерге жастардың қызығушылығы артқан. Биылғы шара ел егемендігінің 30 жылдығына орайластырылған. Қатысушылардың елсенділігіде ерекше дейді шараның басы-қасында жүргендер.

Диас СӘДУАҚАС, Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ «ЖАС ОТАН» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Бұл конкурс патриоттық сезімді оятады,-  деп сенемін. Себебі, өзім өлең айтқанда мен өзім іштей қаным қайнап тұрды.  Яғни, патриот дегеніміз ол- Қазақстанды гүлдендіру, көпұлтты Отанымызға деген сүйіспеншілік, елімізге деген жеке жауапкершілікті сезіну ,- деп ойлаймын.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Қазіргі кездегі мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі ол- жастарды отансүйгіштікке баулу, сол өскелең ұрпаққа, жастарға әскери адамдардың дәрежесін, мәртебесін арттыру. Олардың да өнерге шығармашылыққа тікелей қатысы бар екенін көрсету,  сонымен қатар патриоттық нақыштағы әндерді дәріптеу.

А. Қуаш