Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддерге көмек ретінде қайырымдылық қораптары жөнелтіледі

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2021
  • 1986

Өрттен зардап шеккен Риддер қаласының тұрғындарына азық-түлік қораптары жөнелтіледі. Сондай-ақ баспанасыз қалған азаматтарға  ыстық тамақ үлестіріліп, демеушілер тарапынан қаржылай көмек беріледі. Біріккен Араб Әмірлігінің елшілігінің бастамасымен қолға алынған қайырымдылық шарасы бұдан бөлек өзге де өңірлерді қамтиды. 1300 тағам қорабының 200-і елорданың аз қамтылған отбасыларына таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық себеттері әкімдікте, мешіттерде есепте тұрған жанұяларға арналған.   

Перизат ҚАЙРАТ,  ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 
Ертең 300-і Риддер қаласына таратылады. Қалғаны аудандарға 100 қораптан таратылады. Және 1 000 000 теңге айналасында көмек көрсетіледі тағы да ыстық тағамдар. Келген хаттарға сүйене отырып молырақ тағам сыйлауды жөн көрдік.


А. Данияр