Израиль армиясы Газа секторы маңында қосымша әскери күш жинап жатыр. Ал, палестиналық радикалдар бір түнде Израильге 200-ден астам зымыран атқан. Тель-Авив оған жауап ретінде 130 әскери нысанаға соққы берді. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, бүгінде Хамас пен Исламдық жиһад қозғалыстарының 15-ке жуық содыры өлтірілген. "Таяу Шығыстағы бұл қақтығыстардың салдары Қазақстанға да әсер етуі мүмкін", дейді саясаттанушы Расул Жұмалы. Оның айтуынша, Исламдағы зорлық-зомбылықтың күшеюі барлық радикалды ағымдарға ықпал етеді.
Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
Зорлық-зомбылық қаншалықты көп болса, осындай экстремистік, әскерилендірілген қозғалыстар да соғұрлым күшейе береді. Жалпы алғанда, бұл жиһадшыл бауырластықтың қолында. Ал, бұл Қазақстанға ықпал етуі мүмкін.
Б. Сатуов