Русский Сайттың толық нұсқасы

Грузияда қаза тапқан бойжеткеннің денесі елге жеткізілді

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2021
  • 2845

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның денесі бүгін елге жеткізілді. Ертең жер қойнына тапсырылады. Қызының денесін  анасы Айсұлу Айтпаева өзі барып, алып келді.  Енді ол кінәлінің тиісті жаза алғанын қалайды. Қызды өзге елге шақырып, жұмысқа тұрғызбақшы болған күйеу баласын да жауапқа тартуды сұрайды.

Айсұлу АЙТПАЕВА, Ә.АЙТПАЕВАНЫҢ АНАСЫ:

Мен бәрібір де Мейірбек Мұратты қайта Грузияға депортациялауды талап етемін. Өйткені, бүкіл оқиға сол жерде болды. Осы жерде тергеу жүргізілгені дұрыс. Өйткені, ол менің қызымды бөтен елге алып кетті. Өзі қайтып келді қашқандай болып. Оған өзімнің туғанымдай сендім. Сондықтан, мен бұл істі соңына дейін жеткіземін.

Оқиғаға қатысты Грузия азаматы Тордуа Бесо күдікті ретінде қамауға алынған болатын. Бірақ оның адвокаты Шукакидзе бүгін мәлімдеме жасап, айыпталушының кінәсінің жоқ екенін айтты. "Тіпті Әсел Айтпаева мен Бесо   үйленбекші еді" дейді ол.  Айтуынша, екеуінің арақатынасы өте жақсы болған.  

Л. Қуанышқызы