Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 1 ай бойы такси қызметтері тексеріледі

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2017
  • 3434

Астанада заңсыз қызмет ететін таксилер жойылмақ. Ол үшін жергілікті билік өкілдері тексеру жүргізгелі отыр. Қала техникалық, медициналық тексерістен өтпеген, жолаушы қауіпсіздігіне жауап бермейтін такси қызметінен тазартылмақ. Бірақ жолаушылар жол-жөнекей такси ұстағанды жөн көретіндерін айтады.

Қазір қалада таксимен жетудің 3-4 әдісі бар. Соңғы кезде мобильді қосымшалар көбейді. Диспетчерлік орталығы бар заңды такси қызметі. Одан қалды ұйымдасқан заңсыз таксилер тағы бар. Енді бірі - жол-жөнекей жолаушы алушылар. Қала тұрғындарының айтуынша, олар үшін соңғысы қолайлы.

Жұмысымнан өз үйіме дейін такси шақырған едім. Алайда, 1700 теңге шығындандым. Маған жол-жөнекей ұстаған әлдеқайда тиімдірек.

-Не себепті сіз көшеден тоқтатасыз?  -Жылдам шыққаннан тоқтатам.

Қазір қалада 14 таксомоторлы компания бар. Яғни 500 көлік қызмет етеді. Соңғы 3-4 жылда мұндай 20 шақты компания жұмысын тоқтатқан. Өйткені, заңсыз қызмет көрсететіндер көп болғандықтан, тоқырап қалған. Қазір қалада екі заңды такси қызмет етеді. Олардың тарифтері де бекітілген. Осылайша әкімдік қала имиджіне нұқсан келтірмей, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Ал қыркүйектің 12-сінен бастап 1 ай бойы заңсыз такси қызметін атқаратындарды аулайды. Жолаушы тасуға құжаты жоқ көлік жүргізушілері 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Ол 45 мың теңгеден жоғары.

Абдыхамит Тамабаев, «АСТАНА LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің маманы:

Егер де ол такси ретінде арнайы қоғамдық көлікке бөлінген жолақпен жүретін болса, басқа таксилер сияқты онда жауапқа тартылады. Егер де арнайы такси бес те он төрт деген жол белгісі бар. Сол автотұрақта қызмет  көрсетіп тұрған болса, сол жерде жауапқа тартылады.

Әзірге әкімдік өкілдері заңсыз такси қызметін атқарып жүргендерді ұстайтын болады. Ал болашақта қол бұлғағандарға тұра қалып, жолаушыны діттеген жеріне жеткізетін көлік иелері де жауапқа тартылмақ. Бірақ мамандар оларды қашан, қалай ұстайтындары талқыламақ.  Мобильді қосымша арқылы қызмет ететіндер де тексерілуі мүмкін.

Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ