Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте иесінің басын иті кеміріп тастаған

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2021
  • 2753

Шымкентте аш ит иесінің басын кеміріп тастаған. Мұны полиция хабарлады. Жеке үйлердің бірінен, денесі мүжіле бастаған ер адамның мәйіті жатқанын көршілері байқап, полицияға шағымданған. Оқиға орнында жұмыс істеген жедел-тергеу тобы қайтыс болған адамның 1958 жылғы үй иесін екенін анықтапты. Сондай-ақ, сол үйде иті мен қожайыны ғана  тұрғанын айтты.

Мөлдір БЕКЕЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Алдын ала болжам бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында азаматтың қайтыс болу себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 А. Төребекқызы