Русский Сайттың толық нұсқасы

Егде жастағылардың телефонында EGOV мобильдік қосымшасы жоқ

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2021
  • 1572

Қостанайда вакцина құжатын қолға алу қиын боп тұр. Әсіресе егде жастағылар егілгені жөнінде анықтаманы қалай алатынын білмей дал. Қарапайым телефон ұстайтындарда EGOV мобильдік қосымшасы жоқ. Тобыл өңірінде 71 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған.  Толық егілгендер саны- 23 мыңға жуықтады.  Соның бірі-зейнеткер Әміртай Омаров вакцина құжатын ала алмай жүр. EGOV мобильдік қосымшасын жүктемек түгілі, оны естімепті де.   

Әміртай ОМАРОВ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Вакцинация керек әрине. Бәрі де, бүкіл жұрт алып жатыр ғой. Балалардың, немерелердің қымбат телефондары бар.Солар енді істеп береді ғой.

Денсаулық сақтау министрлігі әу бастан әлеуметтің бәрінде смартфон бар деп ойласа керек. Цойдың қарамағындағылар    электронды құжаттың түйткілін енді ғана ескеріп жатыр.  Қазір вакцина паспортын қағазға басып шығаруды қарастырып жатыр.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Енді вакцинация төлқұжатын EGOV мобильді қосымшасынан алуға болады. Қазір құжатты басып шығару және оны қағаз түрінде пайдалану мүмкіндігі әзірленуде. Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басып шығару үшін QR коды бар вакцинация паспортын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оны клиникада басып шығаруға болады.

З. Санай