Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекуде Ақсу қаласының әкімі облыс әкімін сотқа берді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2021
  • 2090

Керекуде Ақсу қаласының әкімі облыс әкімін сотқа берді.  Бұған: "Әбілқайыр Сқақовтың, Нұржан Әшімбетовке жұмысын дұрыс атқармады" - деп жаза қолдануы себеп болыпты. Талап арызда Ақсу әкімі, аймақ басшысының негізсіз сөгіс бергенін және заңсыз қызметтік тексеру жүргізбек болғанын жазған. Облыс әкімі шаһар басшысына қаланың 1 тоқсандағы әлеуметтік даму көрсеткішінің төмендеуіне байланысты сөгіс жариялапты. Алайда, бұнымен келіспеген Нұржан Әшімбетов, өз уәжін әлеуметтік желідегі парақшасында да жариялаған болатын. Онда ол 25 жылдық қызмет өтілінде алғаш рет сөгіс алғанын жазған. Енді қала әкімінің бұл ісі, ертең өңірдің әдеп жөніндегі кеңесінде де қаралмақ.

Руфат ЕРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

13 мамырда  Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетовтен 2 талап арыз түсті.  Қазір бұл шағым қаралу үстінде. ҚР Азаматтық процессуалды кодексінің 150 бабы бойынша сот ол арызды 5 жұмыс күні ішінде қарап, өндіріске қабылдау және қабылдамау туралы шешім шығаратын болады.


Ө. Қуанар