Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында 15 жастағы қызды сегіз жылдан бері туысқан ағасы зорлап келген

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2021
  • 3355

Алматы облысында 15 жастағы қызды сегіз жылдан бері туысқан ағасы зорлап келген. Сорақысы, жеткіншектің анасы бұл жайында білсе де, жақынының қылмысын жасырған. Жаға ұстатар сұмдық оқиға туралы  желі қолданушы Андрей Андреев өз парақшасында жазды. Оның сөзінше, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Алғашында қыз елордада әкесімен бірге тұрған, кейін анасының қасына көшіп барыпты. Жасөспірім желі қолданушысына өзін соңғы рет 21-ші наурызда қорлағанын айтқан. Және ол азаматтың- бөле ағасы екенін мәлімдеген. Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл жағдай бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 121 бабының 4-ші бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінге тергеу барысында тергеуші бірқатар сот сараптамаларды тағайындады. Осы қылмыстық істің тергеу барысы Полиция Департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

Ә. Лесбек