Тап-тал түсте жаға жыртысты. Елорданың қақ ортасындағы сауда орталықтарының бірінің жанында болған екі әйелдің жанжалы әлеуметтік желіде тарады. Сұлулық салонынан шығып, дауласып, тайталасқан олардың бірі екіншісіне газ баллонын шашқан.
Даудың неден туындағанын оқиға орнына жедел жеткен полиция анықтады. Олардың айтуынша, өздерін "трансгендермін" деп таныстырған екі әйел сұлулық салонына маникюр жасатуға барған. Алайда, сұлулық салонының қызметкері мен келіншектердің арасында түсініспеушілік болып, жанжал басталған.
Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Полицияның 102 нөміріне қоңырау түсті. Астаналық базарының жанында жас азаматтардың жанжалдасып жатқандығы туралы. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып,Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.
Л. Қуанышқызы