Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда өртенген көпқабатты үй тұрғындары шығынға белшесінен батты

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2021
  • 1779

Алматыда пәтерлері өртенген көпқабатты үй тұрғындары шығынға белшеден батқан. Дүние-мүлкіміздің күлі ғана қалды деген олар биліктен өтемақы талап етті. Тілсіз жаудың кесірінен кісі есігінде күнелтуге мәжбүр бұқарамен әріптесім Әсем Лесбек тілдесіп келді.

Түңгі 11- лер шамасында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт елдің ұйқысын бұзған. Ольга Бекетованың анасы қызыл жалын кезінде баспанада болған. Дереу пәтерінен далаға шығып, қызына хабар беріпті.

Ольга БЕКЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Анам 77 жастағы қарт адам, өзі жалғыз тұратын. Пәтерінің сау жері қалмаған. Барлығы жанып кеткен. Бізге әкімдік көмектессе екен.


Әсем ЛЕБСЕК, ТІЛШІ:

Қызыл жалын салдарынан мұндағы 20-дан астам тұрғын далада қалған. Бірі тума-туыстарын жағаласа енді бірі мынадай жылуы мен жарығы жоқ төрт қабырғаның ішінде отыр. Өрт кезінде көбінің киім-кешегі мен құжаттары тіпті техника сынды дүниелері де жанып кеткен.


Тұрғындардың айтуынша, өрт үшінші қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған. Лезде шатырға тарап 300 шаршы метр аумақты жалмаған. Абырой болғанда, тұрғындар аман.

Ришат САБЫРӘЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жалын мына бірінші подъездің үшінші қабатындағы балконнан шықты. Білуімізше онда балалар сіріңкемен ойнаған. Сөйтіп бізге қарай тарады. Үйім қазір адам шошырлық. Келіп, сау қалған заттарды тексеріп жүрмін.

Төтенше жағдай мамандар тілсіз жауды, бір сағатта ауыздықтаған. Оқиға орнына 74 маман мен 21 бipлiк техника жұмылдырылған. Дегенмен өрттің шығу себебі белгісіз.  

Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ қ. ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өрт сөндірушілер үш қабатты тұрғын үйдің балконынан тараған 30 шаршы метр қамтыған үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Жиырма адам эвакуциаланып оның ішінде 7 балалар эвакуцияланды.

Ал шығынға баттық деген бұқара биліктен өтемақы берілуін талап етті. Бірақ әкімдік бұған нақты жауап бере алмай отыр.  

Айдос БЕКЕТАЕВ, ТҮРКСІБ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Үйсіз қалғандар жоқ. 18 пәтердің бірнешеуі квартиранттар болған. Қалғандары 12 пәтер өз үйінде кіріп тұрып жатыр. Алтауы туған-туыс. Санау жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу, қанша қаражат керек, қандай шешім қабылданатыны ары қарай тұрғындарға айтылатын болады.


Қазір тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстары басталған. Ол әкімдіктің есебінен қолға алыныпты. Баспана әзірге коммуналдық қызметтен ажыратылған.

Ә. Лесбек