Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында автобус адам қақты

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2021
  • 2333

Алматыда 46 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Алған жарақатынан келіншек оқиға орнында көз жұмған. Әріптесім Әсем Лесбек оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап көрді.

Жол апаты таңғы сағат 6-лар шамасында болған. Нөмірі 208-ші бағыттағы автобус, әдеттегідей Жангелдин көшесінің бойымен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағында адам қаққан. Қаңсыраған әйел сол жерде көз жұмды.   Бұл жайт автобус паркі басшысының да төбесінен жай түсіргендей әсер қалдырыпты. Өйткені көлік жүргізушісі тәжірбиелі маман деп отыр.

Бақытжан РЫСБАЕВ, «БАТУ-ТРАНС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
 
Денсаулығын толық қараймыз. Білімін қараймыз.  Центр квалификацияға оқуға жіберіп емтиханнан өткеннен кейін ғана қабылдаймыз оны жұмысқа. Бұл жүргізушіден ешқандай ондай күтпегенбіз. Стажыда үлкен болған 40 жыл.

Жауап алу кезінде 62 жастағы жүргізуші тежегішті басып үлгермей қалғанын айтқан. Қазір ол уақытша қамауға алыныпты. Дегенмен тұрғындар соңғы кезде қоғамдық көліктердің қатысуымен жол апаттары көбейгеніне алаңдаулы. Олар бұған  көбіне жүргізушілерді кінәләйді. Себебі автобустардың өзара жарысқа түсетінінін айтуда.

Ақмарал БАТАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына пешеходтан ешкім тоқтамайды, тоқтамайды. Біз мүлде қорқамыз. 00/31 Өзіміздің өмірімізді қауіп-қатерге тіккіміз келмейді. Бір рет мына жерде баланы қағып кеткен. Бір еркекті қағып кеткен.

Шынар ҚАСЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көліктер жүйіткіген жылдамдықпен жүреді. Жолақтан жолдың арғы бетіне өту өте қиын. Ешкім адам жүріп бара жатыр деп қарамайды.


Қала сыртында екі жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты тіркелді. Патрульдік полиция тізгіндеген көлікті «Mazda» автокөлігі соққан. Алған жарақатынан 22 жастағы полицей оқиға орнында көз жұмды.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қазір аталған жол көлік оқиғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Екі дерек бойынша да кінәлілерге жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Полицейлер жаяу жүргіншілерге де қырағы болған жөн дейді.

 Ә. Лесбек