Русский Сайттың толық нұсқасы

ДСМ коронавирустан қайтыс болғандар туралы ақпаратты жаңартты

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2021
  • 1739

Медицина қызметкерлері статистиканы бұрмалаған. Соның әсерінен Сovid-19 бен пневмониядан қайтыс болғандар саны бір жарым мыңға артқан. Денсаулық сақтау вице-министр Ажар Ғиният көрсеткіштің құбылуын осылай түсіндірді.   

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің статистика мәліметтерін неге бұрмалағаны анықталды. Өңірлерден бізге жылдық есептер берілді. Комиссия ондай жағдайларды зерттеді. Комиссия барлық зерттеуде коронавирус инфекциясы екені көрсетілсе де, есепке пневмония деп кеткен кездерді анықтады. Дәрігерлер комиссиялық тұрғыда өздері қарап, қайта есептеуді жүргізді.

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша қайтадан "қызыл" аймаққа кірді.  Елде қауіпті белдеудегі өңірлер саны 8-ге жетті. Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, жақын күндері елімізге америкалық ғалымдар дайындаған коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы әкелінуі мүмкін.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы бұл келісімсөз Америкалық екпе өндірушімен біз қазір өткізудеміз. Келісімсөздің аяқталуына жақынбыз. Өзіміз үміттенеміз жақын арада келісім шартқа қол қоямыз деп. Келісім шартқа қол қойған кезде сол жаңағы вакцина қашан болатынын, сіздерге арнайы тағы бір рет жариялаймыз.

Б. Сатуов