Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Парламент сессиясының ашылуына қатысты

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2017
  • 2960

Жекеменшік банктерді қаржылай қолдауды тоқтату керек. Банкроттан қорқудың қажеті жоқ. Бұл - нарық. Бүгін Парламент сессиясының ашылуына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Және заң жүзінде Ұлттық банктің құзіретін арттыруды тапсырды. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін, сүрінбей тұрып, қайта пысықтау қажеттігін айтты. Мөлдір Бақты-қызы тарқатады.

Парламенттің 6-шақырылымы, 3 сессияның жұмысы басталды. Яғни елде кезекті саяси маусымның шымылдығы түрілді. Конституциялық реформадан соң, пәрмені артып, бейнелеп айтқанда, министрлер кабинетінің "кілтіне" ие болған Парламент өкілдері биыл басқа қырынан жұмыс істеуі керек. Ендігі министрлер де "Үкімет сағатына" тыңғылықты дайындалуы тиіс. Әйтпесе, депутаттар "жол болсын" деуге дайын отыр.

-Нәтижесі болмаса, сіз білесіз, министрге рахмет, басқа салаға жол болсын!

-Мен үшін алдымен заңмен жұмыс жасау, заңды халыққа жеткізу, егер соны орындамаса, ол мәселені қарау кезекте.

Президент банктерге бюджеттен ақша бөлуді тоқтату қажет дейді. Қит етсе, елдегі қаржы жүйесін реттеу керек деген желеумен, қазынаға қол салатын банктердің қожайындары бар. Бәрі олигархтар. Оларды неге мүсіркеу керекпіз? Президент Америкада жылда 1500 мейрамхана банкрот болады, осыншасы қайта ашылады. Бұл - нарық заңы деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Банки все - частные. Работали, дошли до ручки, теперь государство опять финансирует. Надо кончать с этим. Эти банки лучше уничтожить и взять на себя, чем им платить.

Қаржы жүйесін бақылауды заңмен реттеу қажет. Ол үшін Ұлттық банктің құзіретін кеңейтуді тапсырды. Назарбаев БТА банкті мысалға келтірді. Қаржылық құйтырқылықтарға жол бермеу үшін, Ұлттық банк дер кезінде шешім қабылдау қажет деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Когда они выводили деньги, где был Нацбанк, контролирующие органы? Когда они куда-то вкладывали, где был Нацбанк? У Нацбанка и сегодня нет таких прав. Мы должны дать, чтобы он жестко контролировал каждый банк. Как только ушел налево - останавливать и сказать, мы у тебя отбираем лицензию, не умеешь работать или возврати. Я очень прошу депутатов внимательно этот пункт посмотреть.

Бюджетке түсімдер азайды. Мұнай, металл бағасы арзан. Жаңа қаржы көздері қажет. Былтырдан бері Салық кодексі қаралып жатыр. Аса маңызды заң жобасы. Салық саясатын реттеуді қайта оралған Досаев қолға алмақшы. Бұған дейін Үкіметте екі рет жолы болмай, отставкаға кеткен Досаевты тағы бір қиын сынақ күтіп тұр.

Как раз Досаеву хочу обратиться. Идет Кодекс опять по-старому. Надо внимательно посмотреть.

Ал Денсаулық сақтау министрі екі рет ескерту естіді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шикі дейді. Қосымша салық түрі деп, кәсіпкерлер палатасы қатты қарсы шығып еді. Өзін өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн адамның сақтандыру қорына жарнаны қалай төлейтіні түсініксіз, деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Күнде, күнде айтып жүрсің, өтеміз деп. Қалай өтеміз? Последнее ваше предложение - этих переведем на страховое, а этим давайте платить. Мыналар айтпайды ма, мен тоқалдың баласымын ба деп? 

Айтпақшы, жазда Жоғарғы палатаның үштен бір бөлігі жаңарды. Сенатор болғанын СМС арқылы білген Талғат Мұсабаев, одан бөлек тағы 15 адам  жаңа маусымда заң шығаруға үлес қосады.   

Мөлдір Бақты-қызы