Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда тұрғындары Елбасыға хат жолдады

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2021
  • 1784

Елордада 30 мың жеке тұрғын үй табиғи газ желісіне қосылды. Көгілдір отынның игілігін көріп отырған   тұрғындар    еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа осы үшін шексіз алғыс айтады. Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықтан   ұжымдық хат келген.  Онда тұрғындар Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамасын" жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарына риза екендіктерін білдірген. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы 2023 жылы түгел  газға қосылады. 

А. Данияр