Сенат әкімдерді тікелей халықтың сайлауына мүмкіндік беретін заңды қабылдады. Биыл бірінші рет 800-ден астам әкімді тұрғындардың өздері таңдайды. Сайлау өтетін уақыт 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлау қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Ал сайлау қорытындысы үш күн ішінде шығады.
Әсет ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес біліктілік талаптарына сай келген және 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады. Саяси партиялар мүшелері және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% -ына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады.
Ә. Өмірзақ