Русский Сайттың толық нұсқасы

Ashyq қосымшасына балама жоба ұсынылды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2021
  • 1868

"Ashyq" бағдарламасының жыры бітер емес. Кешеден бері мобильді қосымша жөнді жұмыс істеп тұрған жоқ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық ақаулар себебін әлі анықтап жатыр. Ал жауаптылар олқылықты түзеттік, дейді. Шын мәнінде солай ма? Әріптесім Асылбек Данияр анықтап көрген болатын. Сюжет көрейік.

"Ashyq" болмаса баламасы "Aitu-ды" қолдан. Бағдарламаға жауаптылар осындай кеңес айтты. "Ashyq-та" үлкен жүктеме пайда болғаннан  кейін қосымшаның технологиясы жарамай қалған. Кешегі ақаулықтың да шығуы содан. Қазір қателіктерді түзеттік деп сендірді. Дегенмен де, тұрғындар қос бағдарламаны жүктеп алғаны абзал. Біреуі істемесе, екіншісін қолданасыз.

Хасанғали ҒАППАРОВ, «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Екеуі де "Aitu да" қазір платформасында дұрыс басталынып келе жатыр басынан бастап. "Ashyq-та" енді соған жеткізуге тырысып жатырмыз, сіздерге екі аналог болсын деп. Біреуі құлап жатса екіншісі дайын тұратындай.


Республика бойынша, бағдарлама іске қосылғалы  індетке шалдыққан 2 жарым мыңнан астам науқас,  ал  дерттімен байланыста болған 1800-ге жуық адам анықталған.  Бірақ кеше қосымша істен шыққан уақытта тексеріс те тоқтаған.
    
Бекболат МОЛДАБЕКОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:


Кеше "Ashyq" істемей тұрған кезде жолаушыларды "Ashyq-сыз" кіргізген. Яғни кіргізбеу деген болған жоқ. Егер техникалық проблема болса біз жақтан онда біз "Ashyq-сыз" кіргіземіз. Яғни азамттарды кіргізбеу, тоқтату деген болған жоқ.


Демек, кешегі жолаушылардың ішінде науқастардың да болуы әбден  мүмкін. Айта кетейік, коронавирустың таралуына бәсеңдетуге арналған бағдарламаны қолданушылар саны қазір бір жарым миллионнан асты.  Ал министрліктегілер болса жиі қайталанатын  қателіктерінен кешірім сұрап, "түзетеміз, түзетілді" деп әлі жүр.

А. Данияр