Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2021
  • 2256

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады. Ол 82\796 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Бір апта бұрын ғана әскери ант қабылдаған сарбаздың мұндай әрекетке не үшін барғаны әзір белгісіз. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауыр жарақат алған жігітке барлық тиісті медициналық көмек көрсетілген.  Бірақ оған қарамастан сарбаз көз жұмды.  ОЛ сәуір айында ғана әскер қатарына қабылданған.   

Абай ЖОЛДАСОВ, «ОҢТҮСТІК» ӨҢҚ ШТАБ БАСТЫҒЫ:

Аман алып қалу шаралары жасалғанымен, сарбаз есін жимаған күйі қайтыс болды. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының шешімі бойынша жарияланбайды.

Б. Жұмабайұлы