Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жүкті әйелдер арасында короновирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп тұр

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2021
  • 1798

Атырауда жүкті әйелдер арасында короновирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп тұр. Әсіресе , әні-міне босанғалы отырған аналардан вирус жиі анықталуда.  Олар  модульді инфекциялық аурухананың  арнайы бөлімшесіне жатқызылған.  КСМ: Қазір мұнда  25 ана ем алып жатыр. Бір науқас -жан сақтау бөлімінде.  8 келіншек пневманияға шалдыққан.   

Нұргүл ОҢҒАРБАЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


6-ыншы балам. «Мейірім» деп қойдым қызымның есімін. Мейірім шуағын шашып жүрсін әлемге. Бұрын сенбейтін болдық. Жоқ деп. Мен кимеймін деп те айттым кислородты басында.  Жоқ киесің де киесің деп мен үшін.

Шолпан ҚАНАТОВА,  РЕЗИДЕНТ – ИНФЕКЦИОНИСТ:


Қазіргі кезде жүкті әйелдердің саны  өте көп. Соның ішінде көп босанушы әйелдер. Әр күніміз жүкті әйелдерді, науқастарды аккурациялаудан басталады. Алты сағат сайын ауысып тұрамыз. Өте ауыр.

 
Модульді ауруханада жыл басынан бері 54 шақалақ дүниеге келген. Қуаныштысы, қиын жағдайда туған сәбилердің бәрінің дені сау. Бірде біреуінен қауіпті вирус анықталмаған.  

Б. Нәдірқызы