Русский Сайттың толық нұсқасы

Бокстан әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық спортшылар елге оралды

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2017
  • 3050

Германияның Гамбург қаласында бокстан әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан командасы елге оралды. Спортшылар 6 медаль олжалап қайтты.

Жалғыз алтын медальды шымкенттік өрен Қайрат Ералиев еншіледі. «Олимпиададан кейін бокс құрамасы 70 пайыз жаңарды. Сол себепті өте жақсы өнер көрсеттік", - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов. Қайрат Ералиевтің алтын медалінен басқа, Әбілхан Аманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаев екі күміс еншіледі. Ал Васалий Левит, Жомарт Ержан және Абылайхан Жүсіповтер қоланы қанағат тұтты.