Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте үш автокөлік соқтығысып, оннан астам адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2021
  • 1844

Шымкентте ірі жол –көлік апаты  болды. Үш жеңіл автокөлік соғысып, оннан астам адам зардап шекті. Арасында балалар да бар. Көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Жарақат алған   8 ересек адам  ауруханаға жеткізілді. Оларға тиісті ем көрсетілген. Ал ауыр жағдайда  облыстық балалар ауруханаға жатқызылған үш баланың екеуі әлі жансақтау бөлімінде. Дәрігер  сәбилердің жағдайы ауыр  тұрақты дейді.
 
Алмат БАЙСАЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үшінші науқасымыз -5 айлық бала. Түскен жағдайдағы жағдайы өте ауыр. Өйткені бас миының шайқалуынан бөлек бас сүйегінің сынып миға басып тұрғаны көрініп тұр компьютерлік томографияда. Сондықтан оған дер кезінде 1 сағаттың ішінде ота жасалынып, реаниматолог дәрігерлердің бақылауында. Өте ауыр, бірақ тұрақты.


А. Төребекқызы