Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалардың суға кету жағдайы жиілеп тұр

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2021
  • 2402

Қызылордада тағы бір мектеп оқушысы суға кетті. 14 жастағы жеткіншек  тыйым салынған жерде  шомылған. Оның денесі әлі табылмай жатыр.  Шығыс Қазақстанда да  2007 жылғы жасөспірім өзенге құлап, батып кеткен.   Мұндай  жағдайдың жиілегеніне құтқарушылар алаңдаулы. Бір айда елімізде 53 адам суға кетсе, соның 26-сы -бала.  Ал қаншама адамды құтқарушылар ажалдан аман алып қалған.
 
Бауыржан СЫЗДЫҚОВ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
   
Жыл басынан су айдындарында барлығы 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.Суда қаза болудың басты себептері жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде шомылу.  


Сыздықовтың сөзінше, биыл судағы қауіпсіздік туралы 770-тен астам насихат жүргізіліп,3500-дей рейд жасалған.Бірақ ол да нәтиже бермей отыр.  242 заңбұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік хаттамасы толтырылған. Мамандар, ата-аналар   балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берсе дейді.

Л. Қуанышқызы