Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Есіл ауданынан 100 мың тоннаға жуық құрылыс қалдығы табылды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2021
  • 1846

Елордада  Есіл ауданынан 100 мың тоннаға жуық құрылыс қалдығы анықталды. Қалада 100-ге жуық клинингтік компания жұмыс істейді. Ол ұйымдар эко-полигонмен 110 мың тонна құрылыс қалдығын шығару туралы алдын ала келісім жасаған. Ал іс жүзінде бар-жоғы 10 мың тонна қалдық полигонға жеткізіліпті. Есіл аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Берік Жәкенов мұны тез арада заңнамалық нормада шешу қажет деп отыр. Ол үшін эко-полигонға құрылыс қалдықтарының шығарылуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Берік ЖӘКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Аудан көлемінде жүргізілген арнайы мониторинг нәтижесінде көпетеген олқылықтар анықталды. Қала тұрғындарының денсаулығы біз үшін маңызды. Сондықтан экологиялық мәселелерді жедел шешу біздің басты мақсатымыз.

Ғ. Өтемісов