Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде бір апта ішінде май мен картоп бағасы шарықтап кеткен

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2021
  • 1815

Жыл басынан бері күнбағыс майының бағасы 15 пайызға қымбаттаған. Ал картоп  құны соңғы бір айда бақандай 50 теңгеге өсті. Бағаның шарықтауына  шикізат қорының азайып, өндіріс орындарында өнімділіктің төмендегені себеп,-дейді жауаптылар.  Қалтасы қағылған тұрғындар  соған наразы. Бұлай кете берсе, күнделікті тұтынар тауарларға да мұқтаж болып қаламыз ба деп қауіптеніп отыр.   Ғалымжан Өтемістің бейнематериалы.

Қымбат, қымбат, өте  қымбат. Бұл базарға азық-түлік алуға барғандардың жанайқайы. Көк шығып,  көкөніс пен жеміске енді қолымыз жетті дегенде, бағаның тым шарықтап кеткені жанға батады.  Әсіресе, күнделікті тамаққа қажетті май мен картоптың бағасы ертегідегі "Ертөстік" сияқты өсіп барады.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Сауда сөрелеріндегі көкқніс пен жеміс көздің жауын алады. Бірақ, қалтаға салмақ салады. Тұрғындар соңғы бірнеше аптада бағаның тым шарықтап кеткеніне наразы. Мәселен, мынау картоптың бағасы өткен айда 50 теңгеге арзан болған. Ал майдың құны бақандай 600 теңгеге дейін қымбаттаған.


БЛИЦ:

 
-Бізде бәрі қымбат ғой. Көтеріле береді. Қымбат.
-Баға қандай талаптарға сәйкес өсіп жатқаны түсініксіз. Айтарға сөзім жоқ.


Бүйірден қысқан қымбатшылық саудагерлерді де әбігерге салып отыр. Бірақ баға олардың ырқына бағынбайды.

БЛИЦ:


-Бізге әкелетін серіктестіктер бағаны көтеріп жіберген. Амал жоқ біз де арттыруға мәжбүрміз. Өмір сүруіміз керек ғой.
-Иә, әсіресе майдың құны тым қымбаттап кетті. Тұтынушылардан да ұялатын болдық.


Барлық өңірде күнбағыс майы  қымбаттаған. Көш басында Шымкент, Талдықорған, Атырау тұрса, Ақтөбе мен Тараз қалалары да қалысар емес.

Ал бағаны реттеуге жауапты Сауда және интеграция министрі бұл қалыпты жағдай деп отыр.  Бірақ, тауар құнының биыл тым шарықтап кеткенін мойындады. Мұның басты себебі, иморттаушы елдердегі өнімнің төмендегі, -дейді. Отандық өндірушілердің де жағдайы мәз емес.  

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ:

Күнбағыс майы негізінен  сырттан әкелетіндіктен баға импорттаушы мемлекеттерге тәуелді.  Қазір барлық елде осындай өсім байқалады. Ал картоптың қымбаттауы былтырғы тауарлардың азаюымен байланысты.  

Министрлік мәліметінше, бұл тек уақытша құбылыс. Жақын арада баға қайтадан тұрақталады.  Жақсы сөз -жарым ырыс. Соған сенейік.

Ғ. Өтемісов