Елбасы АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларында күш-жігер біріктіру мүмкіндіктерін талқылады. Елбасы мен АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар туралы, соның ішінде COVID-19 пандемиясын еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алысты.
Ғ. Өтемісов