Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда астыртын казино ұйымдастырғандар анықталды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2021
  • 1540

Қостанайда жергілікті дәмхана жертөлесінен казино анықталды. Жасырын ойынханада крупье, даяшы және өзге де адамдар жұмыс істеген. Олар  құмар ойынға ақша тігетін  азаматтарға қызмет көрсеткен көрінеді. Астыртын казиноға кіру құны 5 мың теңге болған. Келушілерге ыстық тамақ, шай-сусын тегін берілген. Тексеру барысында арнайы ойын жабдықтары тәркіленді.Күдіктілерге қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Гүлмира ЖҰМАҚОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

З. Санай