Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда 8 айдан бері жалақы алмаған жұмысшылар мәселесі шешілер емес

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2021
  • 2091

Павлодар облысының Баянауыл ауданында 8 айдан бері жалақы алмаған жұмысшылар мәселесін атқарушы билік  шешуге дәрменсіз. Бұған дейін біз су таратушы мекеменің жұмысшыларына   жалақы төлей алмай отырғаны туралы бейнематериал берген болатынбыз.  Осыған байланысты бүгін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті түсініктеме берді. Айтуларынша, жалақының берілмеуіне тариф бағасының еш қатысы жоқ.

Кәмила БАЙҒОЖАНОВА, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


«Спец техника» жеке кәсіпкерлігі тариф құнын бекіту бойынша бізге 2 рет өтінішпен шықты. Біреуінің құжаты толық болмағандықтан, қарастыруға алынбады. Бұл құжаттардың дұрыс еместігін кәсіпкердің өзіне де айттық. Қазіргі уақытта екінші мәрте жасалған өтініш қарастырып жатырмыз.  Қорытындысы 31 мамырда белгілі болады. Ал жаңа тариф бекітілгенше олар осы уақытқа дейін мақұлданған тарифпен жұмыс істей береді.  Бұл заңды. 6 айға дейін  жұмыс істеуге рұқсат бар.

Су таратушы мекеменің  басшысы тариф бағасының бекітілмеуінен суға ақы ала алмай отырғанын да айтқан болатын. Бұған жергілікті биліктің қағазбастылыққа салынуы себеп – деген еді. Әкімдік әр текше метрге белгілеген -84 теңге өте төмен тарифтік мөлшер екенін,ал бұл жұмысшылардың жалақысын төлеуге  жетпейтінін және тарифті қабылдаудан бас тартқанын айтқан болатын. Бұл орайда тариф бағасы көтеріле ме, жоқ па, ол жағы әзір белгісіз.  

Ө. Қуанар