Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан-Ресей шекарасында аса ірі көлемде героин тәркіленді

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2021
  • 2318

Қазақстан мен Ресей шекарасында ірі көлемді есірткі алып өтпекші болған шет ел азаматы құрықталды. Салмағы бір центнерден асатын есірткіні батысқазақстандық шекарашылардың қолғанатына айналған «Леди» атты қызметтік ит тапты. Есірткі қырғыз елінің азаматы мінген жүк көлігінің артқы дөңгелектеріне жасырылған.   Тәркіленген 135 келі  есірткі   Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің облыстық департаментіне берілді. Ал шекарашылар иісшіл итінің еңбегін елеусіз қалдырмаймыз дейді.

Азат ҚҰРМАШ, ҚР ҰҚК ШҚ БҚОД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сараптама нәтижесі бойынша табылған ұнтақтың салмағы 39 кг 341 гр 77 мг героин және салмағы 96 кг 151 гр 75 мг гашиш екені анықталды. Өткізу пункттерінде тексеру жүргізу кезінде қолданылатын қызметтік иттер бүгінде таптырмайтын көмекші болды. Былтыр да «Джек» деген иісшіл иттің көмегімен қазақ-қырғыз шекарасынан 60 кг 370 гр героиннің ірі партиясы табылған еді.

Е. Карин