Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтіру қажет" - Қ. Көшербаев

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2021
  • 1427

"Жазықсыз зардап шеккендерді мәңгі есте сақтап, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру керек." Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев , бүгін Ақмола облысында өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасында осылай деді. "Алжир" мұражай-мемориалдық кешенінде өткен шараға "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те қатысты. Бір топ зиялы қауым кешенді аралап, мұражайдың ғылыми-зерттеу және экспедициялық жұмысына ерекше назар аударды. Кінәсіз жапа шеккен ата-баба мұрасын әрі қарай насихаттау үшін зерттеу жұмыстарын күшейту қажет,- деді Қырымбек Көшербаев. Жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды, олардың отбасы мүшелерін ақтау жұмыстарына тоқталды.

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:


Өткен жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл комиссия барлық тарихи құжаттарды зерттемейінше, оның жұмысы тоқтамайды. Қазір оның құрамында 2 кіші комиссия, 11 жұмыс тобы, 17 өңірлік комиссия бар. Бұл жұмысқа біздің тарихшылар мен сарапшылар да қатысады.

Ғ. Өтемісов