Қызылжарда «антикор» өкілдері көлік инспекциясының жемқорлыққа белшеден батқанын анықтаған. Құзырлылардың дерегінше, соңғы 5 жылда аталған мекеменің өкілдері 3 мәрте парамен ұсталған. Соңғы жағдай былтырғы жылдың шілде айында орын алды. Жеке кәсіпкер өзіне тиесілі бес камазға жүкті шектен тыс артуды көздеп, көлік инспекциясындағы бөлім басшысымен келіседі. Шенеунік жүк көліктерінің облыс аумағында бөгетсіз жүргені үшін кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл әрекеті үшін экс-шеннеунік соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Агенттік ізінше көлік инспекциясының жұмысынан бірқатар шикіліктерді анықтаған. Олар «бармақ басты көз қысты» әрекетті тыю үшін, материлдық-техникалық базаны жаңғырту керек деп санайды.
Жарқын ҒАЛЫМОВ, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Көлік жүргізушісі мен инспектордың әңгімесі, ешбір жерде жазылмайды. Инспекторлардың кеудесіне құрылғы ілсек, оны онлайн режимге қарап отыруға болар еді. Сондай-ақ, инспектор жүк көлігінің салмағын тексермеуі тиіс. Еуроодақ елдерінде сияқты жол үстінде көліктің салмағын автоматты түрде бақылайтын бекетті орнату керек. Сонда ғана жемқорлық көрсеткішін төмендетер-ек.
А. Құрманкин