Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы мен Шымкентте да балалар күніне орай ерекше шара өтті

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2021
  • 1483

«Әлем балалармен әдемі». Шымкенттің орталығында осындай атаумен ерекше шара өтті. Акцияға «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңес ұйытқы болды. Қуыршақ театры мен мәдениет басқармасының өнерпаздары меркелік шараның көрігін қыздырды. Жеткіншектер сурет көрмесін тамашалап, түрлі конкурстарға да қатысты.  Жеңімпаздар арнайы марапатталды. Билік партиясының өкілі Жанар Бектаеваның айтуынша, Шымкентте әр 15 минут сайын бір бала жарық дүние есігін ашады.

Жанар БЕКТАЕВА,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең негізгі мақсатымыз балаларға қуаныш сыйлау, мерекесімен құттықтау. Шымкент қаласындағы бүлдіршіндердің барлығына сәл де болса бақыт сыйлау. Бала -анасымен бақытты. Әр анаға қуаныш сыйлайық деген осындай үлкен мақсатпен іс-шара ұйымдастырып отырмыз.  Іс-шара тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатыр.


Осыған ұқсас шара Алматыда "Балаларға базарлық!" деген атаумен өтті.  Мұнда аз қамтылған мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арнайы мерекелік көңіл-күй сыйлауды жасотандықтар ұйымдастырып отыр. Шара барысында балғындар батутқа секіріп, аниматорларды қызықтап, беттеріне түрлі бояу салғызды. Кеш соңында оларға концерттік бағдарлама қойылып түрлі дәмді тағамдар таратылды.

Диана АМАНКЕЛДІ, АЛМАТЫ қ. «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КООРДИНАТОРЫ:

 
Барлығы бүлдіршіндер үшін жасалып отыр. +Аз қамтылған отбасы, көпбалалы, жалғызбасты аналардың балаларын арнайы шақырдық. Сол кісілерге өзіміз хабарласу арқылы ұсыныс білдірдік. Келісіп, қуанып қазіргі таңда келіп отыр. Шамамен 25-30 баладай.

Ә. Лесбек, А. Төребекқызы