Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы «ҚТЖ» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Сауранбаевты қабылдады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2021
  • 1102

Елбасы «Қазақстан темір жолы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарындағы инфрақұрылымдық даму көрсеткіштеріне тоқталып, темір жол желісін кеңейту саласындағы жетістіктерді атап өтті. Осы жылдар ішінде 2,5 мың шақырым темір жолы салынған. Осылайша, жеке теміржол желісін дамыту қамтамасыз етілді, - деді Елбасы. Ал компания басшысы өз кезегінде көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру, экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.

Ғ.Өтемісов