Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтті

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2021
  • 1357

Елордада «Болашақтың бағдары-тұрақтылық» атты бірінші «ECOJER» конгресі өтті. Халықаралық басқосу   дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Мақсат - экологиялық мәселелерді шешу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, дейді,-жауаптылар. Сондай-ақ конгресте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі талқылынды. Онда  Қазақстан экологиялық мәселелерді шешуді кейінге қалдыра алмайтыны туралы және осы бағытта күш-жігерін біріктіретін жаңа диалог алаңының құрылуын құптайтыны айтылған.  Сонымен қатар жиында Қазақстанды климаттың өзгеруіне бейімдеу шараларын әзірлеу, оның  нәтижелері мен қабылданған шешімдер туралы сөз қозғалды.

Ләззат РАМАЗАНОВА, «ECOJER» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Күні бойы бір емес, бірнеше панелдік сессиялар өтті. Қызу талқылау болды. Онлайн форматта бізде екі мыңға жуық адамдар тіркеліп,өз сұрақтарын жіберіп жатыр.Не қуантады дейсіздерғой.Қуантатыны ең  бірінші мынау біздің азаматтық қоғамның белсенділігі


Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жағымсыз салдарды азайту үшін ұлттық заңнамаға климаттың өзгеруіне бейімделу нормалары енгізілді. Бұл жергілікті деңгейде төзімділікті арттырудың тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Б. Сатуов