Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте сұраныстағы көлік нөмірлерінен 44 млн теңге бюджетке түспеген

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2021
  • 1218

Шымкентте автокөліктердің жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірлерінен   түсуі тиіс 44 млннан астам  теңге қазынаға  құйылмаған. Құны қымбат VIP – нөмірлердің ақшасы қайда кеткенін  құзырлы орындар қазір анықтап жатыр. Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында 148 көлік иесіне  жоғары сұраныстағы  мемлекеттік тіркеу нөмірі берілгені анықталған. Оның жалпы құны - 44, 6 млн теңге. Алайда бұл қаражат бюджетке түспеген.     

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ:

Оған қосымша 130 көлік иесінен механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алынатын 123,2 млн теңге   бюджетке түспеген. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және   ұзартқаны үшін 155,1 млн теңге жеке табыс салығы бюджетке түспеген. Осыған орай, мемлекеттік бюджетке барлығы 320,0 млн теңгеден жоғары қаржы түспей отыр.


А. Төребекқызы