Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ кино қоржыны жаңа туындымен толықты

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2021
  • 1424

Қазақ кино қоржыны жаңа туындымен толықты. «Большая маленькая жизнь» деп аталатын картинаны танымал режиссер Жеңіс Тұматаев түсірген. Онда қазақ қызының өмірінде кездесетін түрлі қиындықтар мен қайсар бойжеткеннің батыл қадамдары бейнеленген. Отандық туынды мелодрама жанрында түсірілген.

Азамат МҰРАТОВ – ПРОДЮСЕР:

Сол әйел туралы, өзінің өмір-баяны жайлы, қалай осы қиындықтармен күресіп өз бақытына қалай жеткені туралы көрсетеміз.Жалпы әйелдерге, аналарымызға, қарындастарымызға арналған кино.


Кинода басты рөлді танымал актриса Әсел  Калиева сомдаған. Сондай-ақ "Барыс" хоккей клубының ойыншылары да фильмге түскен. Отандық туынды 3- маусымнан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі.

Б. Сатуов