Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қызға шабуыл жасаған белгісіз ер адам іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2021
  • 2058

Алматыда жас қызға шабуыл жасап, артынша ізін суытқан ер адамды тәртіп сақшылары жан-жақтан іздеп жатыр.
Оқиға таңертең қаланың қақ ортасындағы көшелердің бірінде болған. Күдіктінің бойжеткенді тонаған сәті видеоға түсіп қалған. Кадрларда  үстіне спорттық киім киген ер адамның қызды жұлқып, қолынан ұялы телефонын тартып алғаны көрінеді. Полиция Департаменті бұл іске қатысты тергеуді бастады. Шабуылшының жеке басын анықтауға арналған жедел шаралар жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Қылмыстық Кодекстің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды. Қазіргі таңда бейнекамералардың жазбасы жіті талдануда ізкесушілермен. Сезікті азамат міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.


Ә. Лесбек