Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазғанда жасөспірімдер мотоцикл айдап, апатқа ұшырады

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2021
  • 2730

Жезқазғанда жасөспірімдер мотоцикл айдап, апатқа ұшырады. Мотоцикл жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан артқы орындықта отырған 11 жастағы бала қаза тапты. Оқыс оқиға Жезқазған- Қарағанды тас жолында болған. Болжам бойынша мотоциклді тізгіндеген жасөспірім   жолда солдан оңға қарай өтіп бара жатып, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Түрлі дене жарақатын алған жеткіншек ауруханаға жеткізілді.  Оған қатысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабымен іс қозғалды.  

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жол көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 11 жасар жолаушысы қаза болса, мотоцикл жүргізушісі әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК –нің 345 бабы, 3- тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Қуаш