Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 14 жасар қыз із-түссіз жоғалды

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2021
  • 4588

Түркістан облысында 14 жасар қыз із-түссіз жоғалды.  Жетісайлық жасөспірім   түскі астан соң үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың ата-анасы  жергілікті полицияға хабарласқан. Іздестіру жұмыстары дереу басталса да, нәтиже болмай жатыр. 4 күннен бері оны көрдім, білдім дегендер жоқ.   Әріптесім Бекболат Сатуовтың бейнематериалы.

Таған Әсия биыл 8 сыныпты тәмәмдаған.  Отбасында 3-ші қыз, алты бауырының ортаншысы. Анасы Жәмила Еділбаеваның айтуынша, бұған дейін қызының  оғаш қылығын, теріс мінезін  байқамаған.  

Жәмилә ЕДІЛБАЕВА, ӘСИЯНЫҢ АНАСЫ:

4 июнь күні әбедкі уақытта, 2 мен 3-тің шамасында бауырларына,папасына тама-шәй беріп үйден шығып кеткен.Шығып кеткенін білмей қалдық біз.Әбедкі, түскі ұйқыға кірген кезімізде жоқ. Шығып кеткен.Киініп, сумкасын алып шығып кеткен.

Мектеп әкімшілігі де Әсияның бойынан ыңғайсыз қылық, әдет байқамаған.  Сабақ үлгерімі  орташа.  Тұйық, салмақты еді дейді.  

Жанәділ ОМАРБЕКОВ, Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №20 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Оны сол кеткен күннен бастап, бір-ақ рет сол жерде бір оқушыға, үйінде жекеменшік магазині бар дүкенге барып, мен үйімнен қашып кеттім, енді ол үйге бармаймын, 7 мың теңгем бар деген әңгімесі бар. Неге дегенде, жағдайым жоқ ол үйде тұрмаймын деген әңгіме айтқан.Басқа ештеңе айтпаған.

Жоғалған жеткіншекті қазір бүкіл аудан іздеп жатыр. Полицейлерге мектеп ұжымы, жастар орталығы, еріктілер мен тұрғындар да көмек көрсетуде.    

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған жайт бірден Жетісай АПБ-мен тіркеуге алынды.Қазіргі таңда ЖПҚ УПИ-мен жасөспірім қызды тез арада табуға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Жетісай ауданының әкімшілігі қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.


4 күннен бері жеткіншектен хабар-ошар жоқ. Көрдім-білдім деген бір адам  табылар емес.  Ата-анасы алаңдап отыр.

Б. Сатуов