Русский Сайттың толық нұсқасы

Инвесторлар кеншілердің қауіпсіздігіне ат үсті қарайды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2017
  • 2816

Инвесторлар кеншілердің өмірі мен қауіпсіздігіне ат үсті қарайды. Сондықтан Қарағанды шахтасындағығай қайғылы жағдай қайталана береді. Көмір өндірісі жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Михаил Никифоров осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, шахталарда қауіпсіздік ережесі сақталмайтыны былай тұрсын, ондағы барлық техникалар әлі күнге дейін жаңартылмай отыр. Апатқа басты себеп - осы, - дейді.

Михаил Никифоров, ҚР көмір өндірісі жұмысшылары кәсіподағының төрағасы:

Шахта бірінші орында қауіпсіздікті талап етеді. Ол қателіктерді кешірмейді. Бұл Қарағанды шахталарындағы барлық құрылғылар ескі. Онда ешкімнің жұмысы жоқ. Инвесторлар келгеннен бері бәрінің жұлым-жұлымын шығарды. Қарағанды көмір бассейнінде трагедия болмас үшін, кешенді шаралар жасау қажет. Әйтпесе апат қайталана береді. Сосын инвесторлар уәде берген жаңа техникалар қайда? Жаңа технология мен заманауи техникаларға қомақты қаржы құю керек. Қанша жыл өтті,  әлі де бір техника жаңартылмаған.