Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда қайықта ұйықтап қалған балықшы плотинаның астына түсіп, батып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2021
  • 2049

Қызылжарда қайықтың үстінде ұйықтап кеткен балықшы Есіл өзеніндегі плотинаның астына түсіп, батып кете жаздады. Өзенде қайықпен балық аулап жүрген 37 жастағы қала тұрғыны қараңғы батқан соң, көзі ілініп кеткен. Қайықтың үстінде ұйықтап жатқан ер адамды нысанды күзетіп жүрген полицейлер байқап қалады. Балықшы тәртіп сақшыларының дабыл қаққанына оянбаған, сондықтан полицейлер плотинаның шлюздарын көтеріп жібереді. Қайық бөгетке барып соғылады.  Құтқарушылардың айтуынша, су қоймасының қақпасы ашық болса, балықшы су иіріміне түсіп, батып кетуі әбден мүмкін.

Рауан ҚАБДУЛЛИН, СҚО ПД ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ:

Су торабына жақындап келе жатқан қайықты байқадық қайық ішінде адам жатты. Жедел түрде құтқару қызметкерлеріне операторға ескерттік жедел түрде оператордан шандорларды көтеруін сұрадық. Көтерген жағдайда қайық келіп шандорларға тоқтады.

Леонтий ПРУДЕЛЮК, БАЛЫҚШЫ:

Полиция қызметкерлері мені уақытылы байқап қалған. Мен мінген қайық төменге өтіп кетпес үшін тез арада шлюздерді көтеріпті. Сауатты және жылдам әрекеттері үшін алғысым шексіз. Бұл менің екінші туған күнім болды, көп рахмет.

А. Құрманкин