Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда нұротандықтар мұқтаж жанның үйін жөндеуге кірісті

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2021
  • 2523

Оралда нұротандықтар көмекке мұқтаж жанның үйін жөндеуге кірісті. Қала тұрғыны Рая Мұқашеваға жәрдемдесіп жатыр.

І топтағы мүгедек Раяның көзі көрмейді, бірге тұратын сіңлісі де мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Биыл жатақхананың бір бөлмесіне қоныстанған апалы-сіңлілердің зейнетақысы несиесінен ауыспайды. Баспанасын өздігінен жөндей алмай қиналғасын, «Nur Otan» партиясынан көмек сұраған. Қамкөңіл жанның өтінішіне құлақ түрген партиялықтар бірден іске кірісті. Ескірген есік-терезені ауыстырып, еденін жаңартып жатыр.

Рая МҰҚАШЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Партия ұжымына көп рақмет! Осылай көмек сұрап барған адамдарға көмек көрсетіп, қуантып жатқандарына көп рақмет! Алғысым шексіз!

Көптен жөндеу көрмеген бөлмеде түрлі зиянкес қаптаған.  Нұротандықтар бөлмені улауды да өз міндетіне алды. Жалпы жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөліміне түскен 2 мыңға тарта өтініштің жартысына жуығы шешімін тапты.

Нұргүл АШЫҚОВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барымызша, қолымыздан келгенінше енді... көп түкірсе көл болады дейді. Өзіміз бар, көпшілік бар, жаңағыдай әріптестеріміз бар, бәріміз бірігіп қолымыздан келгенінше көмегімізді көрсетіп отырамыз. «Nur Otan» партиясы әрқашан қол ұшын беруге дайын. Әрқашан қол ұшын беріп, көмектесіп келе жатыр.


Е. Карин