Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановке қатысты сот ісі тағы ұзартылды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2021
  • 2201

Экс- денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановке қатысты сот ісі тағы да ұзартылды. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты осындай шешім шығарды. Мемлекеттік айыптаушы сотта Елжан Біртановтың үйқамақта шілденің 14-іне дейін қалып, отбасы мүшелерінен басқа адамдармен араласуына тыйым салуды сұрады. Ал қорғаушы тарап, Елжан Біртановтің сыртынан тергеу органының аңду жүргізуі заңды екенін растайтын құжат жоқ екенін айтып, үйқамақ мерзімін әрі қарай ұзартпауды сұраған болатын. Бірақ сот шешімімен күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырылмады.

Ақмарал ИСАЕВА, ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Баяндалған деректердің негізінде Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2021 жылғы 14- маусымнан бастап 14- шілдені қоса алғанда есептелетін 9 айға дейін ұзарту туралы қаулы етті. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылсын.


Сондай-ақ, сот айыптаушы тараптың Біртановқа отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен телефон арқылы сөйлесуге және үйден шығуға тыйым салу туралы өтінішін де қабылдамады.Ал, сотқа дейінгі тергеу 1 -тамызға дейін ұзартылды.Еске салайық, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған еді.

Б. Сатуов