Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ тым жоғары балл алғандар күшейтілген тексеруден өтеді

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2021
  • 1295

Ұлттық бірыңғай тестілеуде тым жоғары балл алғандар күшейтілген тексеруден өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов өзінің фейзбук парақшасында жазды.Оның айтуынша наурыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жоғары нәтиже көрсету күдік тудырады. Сондықтан  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов берген тапсырмаға орай,  алғашқы тест пен соңғы нәтижеде 20 баллдан артық айырмашылық болса , қосымша күшейтілген бақылау жасалады. Ал жүйені алдағысы келгендер жауапкершілікке тартылады дейді мамандар.

Дидар СМАҒҰЛОВ, ҚР БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕСШІСІ:
   
Біз жүйені алдауға тырысқандардың барлығын анықтап, тиісінше жазалаймыз! Бұл тест тапсырушыларға ғана емес, сонымен қатар өңірлерде ҰБТ өткізуге жауапты қызметкерлерге де қатысты. Сіздің әрбір қадамыңыз біздің бақылауымызда және кез келген құқықбұзушылық әрекеттерге деген талпыныс миға мүлдем қонымсыз.

Дидар Смағұловтың айтуынша, Түркістан облысы Темірлан ауылының түлегі наурыздағы сынақта 37 бал жинаса, кейінгісінде 121 балл алған.  Көрсеткіштер күдікке ілініп, нәтижесінде тест қорытындысын жоюға тура келген.  Алда тағы тексерулер бар, кінәлілерді жауапкершілікке  тарту үшін материалдар  құқық қорғау органдарына жіберіледі.  

Б. Сатуов