Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте банк қызметкерлері жалған еуро сатқаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2021
  • 1204

Шымкентте екінші деңгейлі банктердің бірінде жалған евро сатылған. 4 мың шетел ақшасын қаржылық құрылымның бес қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы үш клиентке өткізіп жіберген. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше,  банк филиалының бір маманы өзінің туысының сұрауы бойынша 6 мың жалған евроны ақшалай сыйақыға алыпты. Соның төрт мыңын сатып үлгерген.  Қаржылық құйтырқылыққа жол берген бесеудің  қылмысы дәлелденді, олар бес жылдан жаза арқалады. Ал жалған қаржыны ұсынған тұлғаға іздеу жарияланды,- дейді экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері.

А. Төребекқызы