Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда лотереяға алданғандарды қорғамақ болған қорғаушы сотты болды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2021
  • 1605

Алматыда лотереяға алданғандарды қорғамақ болған қорғаушының басы дауға қалды. Адвокаттар алқасының мүшесі Тілеужан Кішкенебаев соттың үкімімен үш жылға қызметінен шеттетілді. Бұған ұтыс ойындарын ойнап, сан соғып қалған қараша халық қарсы шықты.  Әсем Лесбек толықтырады.

Қорғаушының негізсіз сотталып жатқанын естіген халық қалалық соттың алдына  жиналды. Олар Тілеужан Кішкенебаевқа қатысты қозғалған іс негізсіз дейді. Айтуларынша, мұндай қысымның артында ел ішіндегі танымал әншілер тұр.   

Айнагүл БЕЙСЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Сол жұлдыздар бәле болды. Содан кейін барып шықты бұл. Болмаса жұмысын істеп жүрген, беделі жақсы бұл баланың. Әділдік шешім қабылдаса екен деймін бұл балаға. Әділдік. Лицензиясын қайтарсын.

Адвокат Тілеужан Кішкенебаевқа өткен жылы әншілерге алданған 50 шақты адам көмек сұрап жүгінген. Олар   өнер иелері жарнамалаған ұтыс ойындарына алданып қалыпты. Қорғаушы  оларға қатысты қылмыстық іс   қозғалуын сұрап, мәселені талай көтерген.

Алмагүл БЕЙСЕМБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әншілер ғой барлығын істеп тұрған. Одан басқа кім ал. Алаяқтық, алаяқтықпен жасап тұр. Реклама жасап отырды Роза Әлқожананың инстаграмнан қарап отырдым. Көргеннен кейін қызығып Әлқожа өзі әнші болғаннан кейін мен оған жаздым.

Бағила БАЛТАБАЕВА, АТА-АНАЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Бізге дәл осындай пирамидасы бар, гивтері бар т.б ойындардың барлығын тоқтау үшін біз халықтың көзін ашуымыз керек. Ал халықтың көзін кім ашады осы Тілеужан мырза сияқты заңгерлеріміз ғана ашады.

Ал қорғаушы өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанына аң-таң. Ол бұған ұтыс ойынын жарнамалаған өнер иелерінің тікелей қатысы бар дейді.  

Тілеужан КІШКЕНЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Әншілердің жарнамасына Жазира Жанболат Роза Әлқожа Ақбота Керімбекова Ернар Айдар әншілерге алданғандықтарын айтып, қорғауымды сұраған болатын. 50 адам менің көмегіме жүгінді. Осы жөнінде мен бірнеше рет БАҚ сұқбат беріп, мәселені бірнеше рет көтергем. Сол үшін осы қудалаулар басталды. Розаның тарапынан қарғыстар жасалды.

Ал қорғаушының үстінен кімнің арызданғаны белгісіз. Адвокатқа алаяқтық бабы бойынша сот үкім шығарған. 3 жылға қызметінен босатылып, 499 мың теңге айыппұл салынған.

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда Алматы қ. сотында адвокат Кішкенебаевтың аппелияциялық шағымы бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Адвокат Кішкенебаев ҚР ҚК 190 бабы 2-ші бөлігінінің  1-3 тармағы бойынша кінәлі деп танылған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Үкіммен келіспеймін деген қорғаушы қазір аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Ол халықты қорғаған қорғаушыға қорған болар шешім шығатына үмітті. Кінәсіздігі дәлелденбесе, жоғарғы сот пен Президентке хат жазбақ.

Ә. Лесбек