Маңғыстау облысында өлі барыс табылды. Оны экобелсенді Сәкен Ділдахмет Instagram парақшасында жариялады. Экобелсендінің айтуынша, бұл Маңғыстау облысындағы екінші жағдай. Оқиға «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Күйкентай жерінде тіркелген. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы да бұл туралы хабарлады. Қазақстанның қызыл кітабына енген Барыстың неден өлгені әзірге белгісіз. Мән-жайды анықтау үшін жұмысшы топ өңірге аттанды.
ҚР ЭКОЛОГИЯ,ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Оқиға орнына барып, мән-жайды анықтау үшін «Қызылсай» МТП инспекторлары, Маңғыстау, Бейнеу, ӨКМ қызметкерлері және мал дәрігерлерінен арнайы топ құрылды. Бұл жер Ақтаудан шамамен 300-350 шақырым қашықта орналасқан. Мән-жай толық анықталғасын қосымша ақпарат берілетін болады.
Б. Сатуов