Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңгеден астам залал келтірген

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2021
  • 1935

Павлодарда  жалған құжаттар жасаумен айналысқан қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңгеден астам залал келтірген. Мұны  Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады. Олар қызмет көрсетпей, тауар жөнелтпей-ақ, жалған бухалтерлік  шот-фактураларды жазып беріп, ақша алып отырған.  Осылайша жалған 20 фирманың салық төлеуден жалтарғаны белгілі болды. Қылмыстық топ бұл көлеңкелі бизнесін 4 жыл жүргізген. Топ құрамында 11 адам болыпты. Сот олардың әр қайсысына 1 жарым жылдан  6 жарым жылға дейін жаза кесті.

Максим ЗЕНГЕР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті көлеңкелі бизнеспен айналысқан топтың жолын кесті. Олар жалған  жалған құжаттар жасаумен айналысқан. Сотталған тұлғалардан мемлекет кірісіне 4 пәтер мен 3 автокөлік тәркіленді.


Ө. Қуанар